«ЮНЕСКО-ның Репрезентативтік тізіміне енгізілген элементтері: МЕММ-нің тасымалдаушысы ретінде тілді қоса алғанда пайымның дәстүрлері мен нысандары» форумы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ЮНЕСКО-ның Репрезентативтік тізіміне енгізілген элементтері: МЕММ-нің тасымалдаушысы ретінде тілді қоса алғанда пайымның дәстүрлері мен нысандары» форумы Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде мазмұнды әрі тағылымы мол мәдени шара өтті.

Шараның мақсаты – ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраның репрезентативтік тізіміне енген ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-баба мұрасын насихаттап, келер ұрпаққа аманат ету.

Форумға Қабанбай ауылындағы білім, мәдениет, табиғат қорғау мекемелері мен этно-мәдени бірлестіктер, сондай-ақ ұлттық мұраны дәріптеп жүрген ауыл азаматтары қатысып, халқымыздың материалдық және материалдық емес мәдени мұраларын таныстырды.

Шара барысында ұлттық қолөнер бұйымдары, тұрмыстық жәдігерлер, салт-дәстүрге қатысты құндылықтар мен дәстүрлі өнер үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, материалдық емес мәдени мұраларды ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енгізу бағытындағы жұмыстар таныстырылып, мәдени мұраны сақтап жүрген тасымалдаушылардан арнайы анкета алынды.

Бұл – ұлттық құндылықтарды халықаралық деңгейде танытуға және мәдени мұрамызды жүйелі қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1222263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді