«Заң мен тәртіп» идеологемасы және «Айқын нәтиже» жобасы аясында түнгі рейд ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасы және «Айқын нәтиже» жобасы аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық шара – түнгі рейд ұйымдастырылды. Аталған шара қала прокуратурасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және Ақтөбе облысының полиция департаментімен бірлесе өткізілді.

Рейдтік іс-шараға құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қатар жастар ресурстық орталығының мамандары, «Жастар рухы» жастар қанаты, «Жасыл ел» штабы және «Аңсар», «Медик», «Эко мәдениет», «Жас сақшы», «Волонтер-2020» еріктілер топтарынан 100-ге жуық жас қатысты.

Түнгі рейд басталар алдында «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы маңында құқық қорғау органдарының өкілдері қатысушыларға қауіпсіздік нұсқаулығын түсіндіріп, рейдтің негізгі бағыттары бойынша тапсырмалар берді.

Іс-шара барысында қаланың көне бөлігі, орталық базар, теміржол вокзалы, «Есет батыр» тұрғын алабы, 101 атқыштар бригадасы аумағы, «Абай» саябағы, орталық стадион маңы және адамдар көп шоғырланатын өзге де қоғамдық орындар қамтылды.

Рейд аясында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу және қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1222336?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді