«Жасампаз ұрпақ»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2026 жылғы 15 мамыр күні Аягөз ауданында «Жасампаз ұрпақ» жобасы аясында заманауи қосымша білім беру кеңістігінің ресми ашылуы өтті. Іс-шара барысында екі маңызды ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

  Бірінші меморандум «Shakarim University» және «USTEM Foundation» қоғамдық қоры арасында жасалды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты — өңірдегі инженерлік, техникалық және STEM бағытындағы білім беру экожүйесін дамыту, оқушылар мен педагогтерге арналған тәжірибелік жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ заманауи технологиялар саласындағы білім беру мүмкіндіктерін кеңейту.

  Меморандум аясында тараптар робототехника, бағдарламалау, инженерия және ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша бірлескен бастамаларды іске асыруға, оқушылардың кәсіби бағдарын нығайтуға және өңірлік білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстарды жүргізуге келісті.

  Сонымен қатар, Абай облысының Білім басқармасы, «Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновациялар орталығы» және «CyberLabs»  арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Құжаттың мақсаты — киберқауіпсіздік, цифрлық сауаттылық, ақпараттық қауіпсіздік және заманауи IT-құзыреттер бағытында оқушылар мен педагогтердің әлеуетін арттыру.

  Ынтымақтастық аясында CyberLabs платформасы арқылы арнайы білім беру бағдарламаларын енгізу, практикалық воркшоптар өткізу, оқушыларды технологиялық және қауіпсіздік бағытындағы заманауи дағдыларға бейімдеу жоспарлануда.

  Аталған меморандумдар өңірдегі қосымша білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, ауыл мен аудан балаларына сапалы әрі заманауи білім беру мүмкіндіктерін ұсынуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

 @abai.bilim.basqarmasy

@shakarim_university

@ustem_foundation

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1222354?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді