Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышевтың төрағалығымен қала әкімдігінің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиын барысында 2026 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы қаралды. Сонымен қатар, қаладағы сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жай-күйі, «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ көше-жол желісін күтіп-ұстау және жаңа автомобиль жолдарын салу жобаларының іске асырылу барысы талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен сала мамандарының есептері тыңдалып, нақты тапсырмалар жүктелді. Қала әкімі көтерілген мәселелердің сапалы әрі мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1222365?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді