
Құрметті қала және Түрксіб ауданының тұрғындары!
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне құжат қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Конкурстың мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, адамгершілік пен руханиятты нығайту, өнегелі отбасыларды насихаттау және отбасы мәртебесін арттыру.
Конкурс аясында:
* жауапты ата-аналық пен ерлі-зайыптылық құндылықтары насихатталады;
* бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі айқындалады;
* үлкенге құрмет, ата-анаға қамқорлық көрсету дәстүрі дәріптеледі;
* қазақстандық отбасының жағымды бейнесі қалыптастырылады.
Өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қағаз және электрондық форматта қабылданады.
байланыс телефондары; 2 23 11 15, 8 775 216 55 45
«Мерейлі отбасы» – берекелі отбасының мәртебесін арттыратын маңызды жоба!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1222447?lang=kk

Жауап қалдыру