
16-шағын ауданда көпқабатты үй ауласында «өрт сөндіру эксперименті» ұйымдастырылып, аулалардағы ретсіз автотұрақтың өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының қозғалысына кедергі келтіретіні көрсетілді. Тұрғындарға төтенше жағдайда әр секундтың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар Каспий теңізінде судағы қауіпсіздік бойынша рейд өткізілді. Маңғыстау облысы ТЖД мамандары демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, шағын көлемді кемелер иелеріне талаптарды сақтау жөнінде нұсқау берді.
Мұндай шаралардың мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1222596?lang=kk

Жауап қалдыру