Жастар есірткіге қарсы: Жамбыл облысында «Jastar Fest-2026» фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастар есірткіге қарсы: Жамбыл облысында «Jastar Fest-2026» фестивалі өтті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы “Тараз-Арена” спорт кешенінде «Jastar Fest-2026» облыстық фестивалі Жамбыл облысының студент жастары арасында «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен ұйымдастырылып өткізілді.

Фестивальдің басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, бұқаралық спортты дамыту және жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Фестивальдің құрметті қонақтары қатарында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ғали Райымқұлов, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қанат Белгібаев, М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің факультет деканы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерік Махамбетов және облыстық білім басқармасының өкілдері болды.

Фестивальге М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық университет құрамалары және Жамбыл облысындағы колледж студенттері қатысты. Жарыстың бас төрешісі Саят Бегалиев болды.

Фестиваль аясында волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, 3×3 баскетбол, жеңіл атлетика және жүзу секілді алты спорт түрінен жарыстар өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. «Jastar Fest-2026» фестивалі жастар бастамаларын қолдаудың, спортты насихаттаудың және нашақорлық профилактикасының жарқын үлгісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1222526?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді