«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен, облыстың заң қауымдастығымен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында «AMANAT» аудандық партиясының филиалында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті заңгерлерден кеңес алып, нақты әрі түсінікті құқықтық ақпаратқа қол жеткізді. Сонымен қатар, азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясындағы жаңашылдықтар мен енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, азаматтар «Құқық кабинеті» бұрышына жүгініп, құқықтық мәселелер бойынша қажетті түсіндірмелер алды.
Іс-шараның мақсаты — азаматтардың құқықтық ақпараттандырылуын арттыру және халыққа білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Акцияның соңында, кеңес алған тұрғындар, оның маңыздылығын атап өтіп, мамандарға қолжетімді түсіндірмелері үшін алғыс білдіріп, болашақта осындай бастамалардың жалғасатынына үміт артты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1222505?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді