Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда «Recycling Бірге!» қозғалысы ұйымдастырған «Recycle Birge» экологиялық акциясы аясында құрамында сынабы бар 480-нен астам шам мен құрылғылар жиналды. Олар қауіпсіз түрде әрі қарай қайта өңдеуге жіберілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Биоалуантүрліліктің халықаралық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық акция №8 гимназия аумағында өтіп, экология мен қалдықтарды бөлек жинау мәселесіне бей-жай қарамайтын қала тұрғындарын біріктірді.

Іс-шара барысында алматылықтар қайта өңделетін қалдықтарды, қайта пайдалануға болатын заттарды тапсырды, сондай-ақ кітаптар мен өсімдіктер алмасуға қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпті қалдықтарды дұрыс жою мәселесіне қоғам назарын аударуға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1222767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді