Мемлекеттік қызметшілердің профилактикалық іс-шаралар аясында Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша бейінді министрлік ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.
Іс-шараға дінтану және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласының сарапшылары шақырылды.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу бойынша ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1222793?lang=kk

Жауап қалдыру