САРЫАҒАШТА ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес «Өндірістік парк» аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысымен тұрақты түрде танысып келеді. Аудан басшысы кезекті бақылау барысында өндірістік аймақта кәсіпкерлік нысандардың құрылысын жүргізіп жатқан инвесторлармен және мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

Қазіргі таңда өндірістік аймақта инженерлік желілерді тарту, аумақты абаттандыру және қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан әкімі жауапты сала өкілдеріне құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды міндеттеді.

Жаңа өндірістік нысандардың іске қосылуы аудан экономикасының дамуына серпін беріп, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға оң ықпал етпек.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1222853?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді