Астанада медициналық туризмді дамыту жөніндегі жол картасы таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық туризмді дамытуға арналған сарапшылық кеңестің отырысында онлайн форматта туризмді дамыту жөніндегі жол картасы таныстырылды.

Бағдарламаның жеке бір бөлімі халықаралық сараптамалық сессияға арналды. Оған Әзербайжанның сауықтыру және термалды туризм қауымдастығы басқармасының мүшесі, медициналық туризм саласындағы Aydin Partners консалтингтік компаниясының басқарма төрағасы Айдын Магеррамов, сондай-ақ Өзбекстандағы Medica медициналық туризм клиникасы мен агенттігінің бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Умида Таджиева қатысты.

Астанада медициналық туризм белсенді түрде дамып келеді, ал елордалық клиникалар халықаралық деңгейдегі позицияларын нығайтуда. Медициналық қызметтердің жоғары сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі — әлемдік жетекші стандарттарға сәйкестікті растайтын Joint Commission International халықаралық аккредитациясының болуы. Бүгінде мұндай аккредитацияны елорданың тоғыз медициналық ұйымы иеленген.

Отырыс қорытындысы бойынша медициналық туризмді дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге және Астананың медициналық қызметтер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмыстар айқындалды.

https://www.instagram.com/p/DYW67PSsoAw/?hl=ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1222925?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді