
Ұлттық нейрохирургия орталығында медициналық туризмді дамыту жөніндегі сарапшылық кеңестің отырысы өтті.
Іс-шараға медициналық ұйымдар мен туристік сала өкілдері, сондай-ақ медициналық туризм саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.
Astana Tourism басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ибраев елордадағы медициналық туризмді дамытудың нәтижелері мен перспективалары туралы презентация ұсынды. Баяндама аясында медициналық туристердің географиясы мен профилі, сондай-ақ Астананы халықаралық нарықтарда таныту шаралары жөнінде деректер айтылды.
Талдау мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылы Астанаға келген шетелдік пациенттер саны 6000 адамнан асқан. Медициналық қызметке жүгінгендердің географиясы 70 елді қамтиды. Негізгі өсім ТМД елдерінен — Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген пациенттер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1222923?lang=kk

Жауап қалдыру