Бразилия Сыртқы істер министрінің Қазақстанға сапарының қорытындылары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 мамыр, Бразилиа – Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Елшісі Болат Нүсіпов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары, Елші Сюзан Клибанк арасында кездесу өтті.

Тараптар,әңгіме барысында Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраның биылғы 11 мамырда Астанаға жасаған ресми сапарының қорытындыларын жоғары бағалап, аталған сапар аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың жекелеген тұстарын талқылады.

Атап айтқанда, келіссөздер күн тәртібінде ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылымды дамыту және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың сенімді негізіне айналатын Техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға дайындық мәселелері болды.

Сонымен қатар, өзара қызығушылық тудыратын қадамдық бірлескен іс-шаралар мен жобаларды қамтитын екі министрлік арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі жол картасын әзірлеу жөніндегіуағдаластыққа қол жеткізілді.

Мәлім болғандай, Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраның биылғы 11 мамырдағы Астанаға сапары барысында екі маңызды құжатқа қол қойылды: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Бразилияның Федералдық ауыл менмал шаруашылығы және жеткізу министрлігі арасындағы Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумы, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Бразилияның Сауда мен инвестицияларды ілгерілету агенттігі «APEX Brasil» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1222947?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді