
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жамбыл Жабаев, туризм басқармасының басшысы Бекжан Бапышев, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұржан Ноғайбаев баяндады.
Абай облысында 314 мектепте оқу жылын 100 590 оқушы бастап, 100 649 оқушы аяқтайды. Оның ішінде 15 304 оқушы – 9 және 11 сынып түлектері. Облыс бойынша білім сапасы 66,4 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артты. Қалалық мектептердегі көрсеткіш – 65,6 пайыз, ауылдық мектептерде – 67,2 пайыз.
Оқу сабақтары 25 мамырда аяқталады. Осыған орай барлық мектептерде «Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағаты өткізіледі. 5-8 және 10-сынып оқушылары үшін емтихандар 26-30 мамыр аралығында ұйымдастырылады. 9-сыныптың қорытынды емтихандары 29 мамыр мен 11 маусым аралығында, ал 11-сыныптың мемлекеттік емтихандары 2-15 маусым күндері өтеді. Аттестат тапсыру рәсімі 16-18 маусым аралығында мектеп қабырғасында өткізіледі. Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында электронды форматта өтеді. Биыл 6 065 түлектің 5 651-і немесе 93 пайызы ҰБТ тапсырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1222987?lang=kk

Жауап қалдыру