
Ақтау қаласында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық акция аясында форум ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Форумға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, психологтар және қала тұрғындары қатысты. Жиын барысында отбасындағы татулық пен өзара сыйластықты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ осындай жағдайлардың себептері мен салдарын азайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, қолданыстағы заңнамалық тетіктер және зардап шеккен азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында отбасы институтының қоғамдағы маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қатысушылар балалар мен әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде қолдау көрсету және мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін айтты.
https://www.instagram.com/reel/DYgQpnzK3mH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1223105?lang=kk

Жауап қалдыру