“Ұлы жеңіске үлес” атты аудандық QUIZ интеллектуалдық ойыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚 12.05 күні Қожагелді батыр атындағы орта мектепте “Ұлы жеңіске үлес” атты аудандық QUIZ интеллектуалдық ойыны өтті. Іс-шараны мектеп парламенті ұйымдастырып, оқушыларға тарихқа көз жүгіртіп, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты еске алуға мүмкіндік берді. 🇰🇿✨

Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін сынға салып, тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсетті. Командалар тарихи сұрақтарға жауап беріп, ұйымшылдық пен білім деңгейлерін жоғары дәрежеде дәлелдей білді. Бұл сайыс оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың патриоттық рухын нығайтқан ерекше интеллектуалдық кешке айналды. 👏

Нәтижесінде:

🏆 Бас жүлде — “Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені” КММ командасына берілді.

🥇 І орын — М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі

🥈 ІІ орын — Тоғас батыр атындағы орта мектебі
С. Сейфуллин атындағы орта мектебі

🥉 ІІІ орын — К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі
Ю. Гагарин атындағы орта мектебі командалары иеленді.

Жарысқа қатысқан барлық командалар Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушы оқушыларға мектеп парламенті тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды. 🎁✨

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1223116?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді