Қызылжар ауданының әкімі Соколов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті және азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылжар ауданының әкімі Соколов ауылдық округінде халықпен есептік кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі жұмыс бағыттары таныстырылды. Жеке қабылдауға округтің үш тұрғыны өз сұрақтары мен ұсыныстарымен жүгінді. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, нақты тапсырмалар жүктелді.

«2025 жылы ауданның дамуындағы оң серпінді сақтап қалуға қол жеткіздік. Инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс 2026 жылы да жалғасады», – деп атап өтті аудан әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kyzylzhar/press/news/details/1223148?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді