
Қаладағы жылу жүйесінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, Урдинский көшесі бойындағы диаметрі 325 мм болатын магистральдық жылу құбырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес, жөндеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 300 метрді құрайды.
Бұл жұмыстар жылу желілерінің сапасын арттырып, алдағы жылыту маусымында тұрғындарды тұрақты жылумен қамтуға бағытталған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1223174?lang=kk

Жауап қалдыру