Жарқайың ауданының тарихи-өлкетану музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай дәстүрлі «Музей түні» акциясы ерекше форматта ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 Кеш барысында аудан тұрғындары музей экспозицияларымен танысып, тарихи жәдігерлерді тамашалап, туған өлкенің тарихымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Қонақтар үшін танымдық шаралар, қызықты ойындар, шеберлік сағаттары, шағын мерекелік концерт, жазғы кино залы ұйымдастырылып, ұлттық дастархан жайылған мерекелік шай дастарханы ұсынылды.

🔹 «Музей түні» – мәдениет пен тарихты насихаттауға, музей мұрасына деген қызығушылықты арттыруға және келушілерге ерекше әсер сыйлауға бағытталған халықаралық акция. Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың тарихқа деген құрметін арттырып, ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1223263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді