
Артериалды гипертензия: алдын алу және салауатты өмір салты
Артериалды гипертензия – жүрек-қан тамырлары жүйесінің ең кең таралған ауруларының бірі. Ол тұрақты қан қысымының жоғарылауымен сипатталады және миокард инфарктына, инсультке, жүрек пен бүйректің жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Аурудың қауіптілігі оның бастапқы кезеңінде көбіне белгілерсіз өтуінде, сондықтан оны «жасырын өлтіргіш» деп атайды. Қалыпты қан қысымы шамамен 120/80 мм сынап бағанасы болып есептелсе, 140/90 мм сынап бағанасынан жоғары көрсеткіштер гипертензияның даму белгілері болуы мүмкін.
Негізгі қауіп факторларының қатарында тұқымқуалаушылық, аз қимылдайтын өмір салты, дұрыс емес тамақтану, артық салмақ, стресс, темекі шегу, алкогольді пайдалану, қант диабеті және холестериннің жоғары деңгейі бар. Уақыт өте келе адамда бас ауруы, бас айналу, құлақтағы шу, әлсіздік, ентігу және жүрек соғысының жиілеуі сияқты белгілер пайда болуы мүмкін.
Гипертензияның алдын алу үшін дұрыс тамақтану, тұз бен майлы тағамдарды шектеу, тұрақты физикалық белсенділік, салмақты бақылау және зиянды әдеттерден бас тарту маңызды. Сонымен қатар, стресс деңгейін төмендету, демалыс режимін сақтау және медициналық тексерулерді жүйелі түрде өткізу қажет. Сау өмір салты мен қан қысымын уақытылы бақылау асқынулар қаупін азайтып, денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтауға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1223458?lang=kk

Жауап қалдыру