Талғар ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талғар ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының профилактикасы. Ерекше назар жол қозғалысы ережелерінің сақталуына, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға аударылуда.

Іс-шаралар аясында полицейлер көшелерді патрульдеп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, болмашы құқық бұзушылықтардың өзіне дер кезінде шара қолданылып, олардың алдын алу арқылы ауыр зардаптардың болдырмауына және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілуде.

Аталған жұмыстар Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевтің тапсырмасы бойынша жүргізіліп, оның ерекше бақылауында.

Профилактикалық іс-шаралар Алматы облысының өзге аудандарында да жалғасады. Себебі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полиция қызметінің басты басым бағыттарының бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1223520?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді