
Жаңасемей ауданында жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру, елге қызмет етудің маңызын түсіндіру мақсатында аудан жастарының «Мемлекеттік қызмет ардагері» Айсұлу Кәбірқызы Ахметжановамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Айсұлу Кәбірқызы мемлекеттік қызмет саласындағы көпжылдық тәжірибесімен бөлісіп, қызмет жолында кездескен жауапты сәттер мен еңбек жолындағы жетістіктері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар, кәсіби біліктілік, жауапкершілік пен адалдық қағидаттарының маңыздылығына тоқталды.
Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мансаптық өсу мүмкіндіктері және жас мамандарға көрсетілетін қолдау жөнінде пікір алмасты. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар үшін мазмұнды әрі тағылымды болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1223970?lang=ru

Жауап қалдыру