Су нысандарының құрылысы – бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев, мәслихат депутаттары мен жұмыс тобы мүшелерімен бірге аудан аумағындағы салынып жатқан су шаруашылығы нысандарын аралады.
Аралау барысында Өрнек ауылында “Еуропалық даму және қайта құру банкі” несие қаражаты есебінен құрылысы жүріп жатқан «Саза», «Айтақ», «Төменгі Айтақ» каналдарының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын ирандық “Tunnel Sadd Ariana” мердігер мекемесі жүргізуде.
Өрнек ауылындағы каналдардың құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар келесі жылдың суару маусымына дейін каналдарды толық іске қосып, шаруаларды тұрақты сумен қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.
Аудан басшысы құрылыс қарқынын күшейту үшін қосымша техника мен адам күшін тартуды тапсырып, жұмысты жеделдетуді талап етті. Өз кезегінде ирандық мердігер өкілдері нысандарды уақытылы аяқтауға уәде берді.
2026–2027 жылдары аудан бойынша жалпы ұзындығы 67,5 шақырымды құрайтын 12 су шаруашылығы нысанын бетондау жоспарланған. Қазіргі таңда 5 каналдың құрылысы басталып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ жұмыс тобы Аса ауылдық округі шаруалары тарапынан жиі көтеріліп жүрген «Аса» каналының жағдайымен танысты. Аудан әкімі каналды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін оны Қазсушар РМК Жамбыл филиалы теңгеріміне өткізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді. Канал қайта қалпына келтірілген жағдайда 750 гектар егістік алқап тұрақты сумен қамтамасыз етіледі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1223930?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді