15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Шараның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау және өнегелі отбасыларды көпшілікке үлгі ету.

 

     Мерекелік кеш барысында өнегелі отбасылар, «Алтын орталы» шаңырақ иелері мен жас отбасылар ортаға шақырылып, отбасыдағы сыйластық, бала тәрбиесі, татулық пен түсіністік жайында тағылымды әңгімелер өрбіді. Қатысушылар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты.

 

    Кеш әсем ән мен көркем биге ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Атап айтқанда, Үлгілі «Әсем» би ансамблінің «Әжемнің сандығы» биі мен өнерпаздардың ән шашулары мерекенің сәнін келтірді.

 

    Отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылық, мейірім мен махаббаттың мекені. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, татулық пен баянды бақыт тілейміз! 💐

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1223913?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді