
Aqtobe Hub орталығында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған «Qazaq quiz» облыстық интеллектуалдық сайысы өтті.
🗣️ Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы және Әйтеке би ауданы әкімдігі ұйымдастырған шараға қала мен аудандардан келген 10 команда қатысты. Сайыстың ерекшелігі — әр команда құрамында этнос өкілі, мемлекеттік қызметші және тіл жанашыры болды.
📚 Интеллектуалдық дода бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар мемлекеттік тіл, Ақтөбе облысы, қазақ киносы 🎬, музыкалық шығармалар 🎼, Қазақстанның Тәуелсіздігі 🇰🇿 және қазақ халқының салт-дәстүрлері 🪆 бойынша білімдерін сынға салды.
🎯 Шараның негізгі мақсаты — тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қазақ тілін заманауи форматта насихаттау.
🏆 Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — Ақтөбе қаласы командасы
🥈 ІІ орын — Байғанин ауданы командасы
🥉 ІІІ орын — Қобда және Мұғалжар аудандарының командалары иеленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1223694?lang=ru

Жауап қалдыру