Омбудсмен Жамбыл облысындағы № 59 мекемеге барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі № 59 мекемеге барды.

Сапар барысында Омбудсмен сотталғандардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізіп, олардың тұру жағдайларымен, тамақтануымен, медициналық қызмет көрсетілуімен және еңбекпен қамтылуымен танысты.

Мекеменің өндірістік алаңдарында 6 кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады, онда 559 адам жұмыспен қамтылған.

Сапар аясында Омбудсмен сотталғандарды жеке қабылдап, алдағы рақымшылық, шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі сот тәжірибесі, медициналық қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1223693?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді