
*Азаматтар үшін «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курсының 1-ші легі басталды*
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында азаматтар үшін «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курстарын бастады.
Курс мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, онлайн-курстардың сапасын арттыру, оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу, тіл үйренушілердің айтылым дағдысын жетілдіру, қазақ тілінде сөйлеушілердің санын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
1-кезеңге 230 адам тіркелді. Қазіргі таңда А1 (қарапайым) деңгейіне 4 топ – барлығы 100 тыңдаушы, А2 (базалық) деңгейіне 5 топ – 100 тіл үйренуші, В1 (орта) деңгейіне 30 тыңдаушы қазақ тілін үйренуде. 72 академиялық сағаттан тұратын курстың ұзақтығы 3 ай.
Курс бағдарламасы тіл үйренушілерге оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу дағдыларын жақсартуға көмектесетін теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Курс тыңдаушыларға қазақ тілін тез әрі тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін қарқынды және құрылымдалған оқыту бағдарламасын ұсынады. Сабақтарды тіл оқытудың заманауи әдістерін қолданатын тәжірибелі оқытушылар өткізеді.
Курс аяқталғаннан кейін тындаушылар қорытынды тест тапсырып, оларға сертификат табысталады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1223681?lang=ru

Жауап қалдыру