
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығымен бекітілген Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу қағидаларының 132–139-тармақтарына сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын, оның ішінде бір мемлекеттік кірістер органынан екінші мемлекеттік кірістер органына беру келесі жағдайларда жүзеге асырылатынын хабарлайды:
✅ Келесі мәліметтер өзгерген кезде:
📍 жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;
📍 орналасқан жері:
* жеке кәсіпкердің;
* жеке практикамен айналысатын тұлғаның;
* резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;
* филиал немесе өкілдік ашпастан Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның;
* Салық кодексінің 229-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі болып саналатын тәуелді агенттің;
* Салық кодексінің 687-бабының 9-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезиденттің.
✅ Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде — БСН ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде.
✅ Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелер тобы бойынша корпоративтік табыс салығын төлеу және декларацияны оның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы ұсыну тәртібіне көшуі кезінде — Салық кодексінің 226-бабында көзделген хабарлама негізінде.
✅ Салықтар мен төлемдер қате төленген кезде.
✅ Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеуден шығарған кезде — БСН ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде.
⏳ Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын, оның ішінде бір мемлекеттік кірістер органынан екінші мемлекеттік кірістер органына беру осы Қағидалардың 132-тармағында көзделген негіздер туындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
📌 Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін дербес салық төлеуші (салық агенті) ретінде тануды жою туралы шешім қабылданған жағдайда да құрылымдық бөлімшенің дербес шотының сальдосы заңды тұлғаның дербес шотына беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1224118?lang=ru

Жауап қалдыру