
Түркістан қаласының Құрметті азаматы, қалалық Әжелер алқасының төрайымы Серім Айғаным Абанқызының 75 жасқа толуына орай Түркістан қалалық әкімдігі, Ардагерлер кеңесі және Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Өмір жолы – өнеге» атты танымдық-тағылымдық кеш өтті.
Мәдени шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Кеш барысында Айғаным Абанқызының өнегелі өмір жолы, қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, көпшілікке оның еңбегі мен ел дамуына қосқан үлесі таныстырылды.
Мерейтой иесіне арнап жүрекжарды құттықтау лебіздер айтылып, ән мен жырдан шашу шашылған мазмұнды мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1223848?lang=kk

Жауап қалдыру