ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ НЫСАНДАР ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Еліміздегі бірқатар маңызды тарихи-мәдени нысандарда цифрлық жүйе енгізіліп, келушілерге қызмет көрсету мен есеп жүргізу үдерісі заманауи форматқа көшірілуде. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб, Қарахан және Айша бибі кесенелері, сондай-ақ Отырар қалашығында жаңа технологиялар іске қосылды.
Жаңа жүйе аясында билет сату және келушілерді тіркеу толықтай цифрландырылып, есеп жүргізудің ашықтығы мен тиімділігі қамтамасыз етілді.
Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талаптың айтуынша, жыл соңына дейін QR-билет жүйесін еліміздегі өзге де музейлер мен мәдени орындарға енгізу жоспарланып отыр.
Цифрландыру бастамасы тарихи мұраны сақтаумен қатар, мәдени туризмнің сапасын арттырып, Қазақстанның мәдени кеңістігін заманауи талаптарға сай дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1223847?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді