
АШЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ СЕНІМ!
“AMANAT” партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының халық алдындағы есептік кездесулерінің басталуына байланысты, қалалық мәслихат депутаты Жалғасқан Құрмансейітов ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні бекітілген кестеге сәйкес № 6 сайлау округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Зәмзәгүл Оспанова, қала әкімдігінің бөлім басшылары және учаскелік полиция инспекторы қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген барлық сұрақтарға тұжырымды жауаптар беріліп, ұсыныстар есепке алынып, бақылауда болатыны жеткізілді.
Бұндай кездесулер тұрғындардың сенімдерін нығайтуға, өзекті мәселелерді тікелей тыңдап, жедел шешуге бағытталған тиімді құрал

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal/press/news/details/1224589?lang=ru

Жауап қалдыру