
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінде Қазақстан Республикасында заманауи асшаян (креветки) өсіру кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Жоба алдыңғы қатарлы еуропалық құрлықтағы рециркуляциялық аквашаруашылық (RAS) технологияларын енгізуді көздейді. Халықаралық сапа стандарттарына, экологиялық қауіпсіздікке және толық қадағалануға сәйкес келетін премиум өнімдерге арналған жоғары технологиялық өндірісті құруға бағытталған.
Жобаның инвесторы Big Blue Farms халықаралық компаниясы.
Ресми кездесуге инвестор жағынан директорлар кеңесінің мүшесі Марсиа Фавал және ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов қатысып, екіжақты меморандумға қол қойды. Жобаның жергілікті серіктесі әрі мердігері қазақстандық Artex Machinery компаниясы. Жобаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 50 миллион долларды құрайды. Өндіріс кешенін іске асыру өңірі таңдалуда. Жоба аясында жылына 5300 тонна асшаяндарды өндіру көзделіп отыр. Сондай-ақ, ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің экспорттық әлеуетін дамытуды көздейді. Жоба толық өндірістік қуатқа шыққанда 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
«Біз Қазақстан Президентінің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, импортты алмастыруға, шикізаттық емес экспортты кеңейтуге, инновациялар мен тұрақты дамуға негізделген жаңа экономиканы қалыптастыруға бағытталған стратегиялық жобаны мақтанышпен қолдаймыз. Бұл жоба ел үшін жаңа агроөнеркәсіптік әлеуетті құруда, халықаралық сараптама мен инвестицияларды тартуда, Қазақстанның жоғары технологиялық және тұрақты азық-түлік өндірісінің өңірлік хабы ретіндегі рөлін нығайтуда маңызды қадам болады». — деп аталған жоба аясында Оман мемлекетінің Мәртебелі ханшайымы, Big Blue Farms негізін қалаушы Сайида Сария Әл Саид та өз қолдауын білдірді.
“Қазақстанда заманауи асшаян өсіру кешенін салу маңызы ерекше жоба болмақ. Бұл балық шаруашылығының дамуына ерекше серпін береді және мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетуге дайынбыз” – деді комитет төрағасы Серік Сағитжанұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/1224081?lang=ru

Жауап қалдыру