Маңғыстауда бұрғылау жұмыстары кезінде экологиялық заңбұзушылықтар анықталды: 474 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасымен экологиялық заңнаманың елеулі бұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, «Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай арттырған (бұрғылау қалдықтарының көлемі 513,2 тоннаға артық болған).

Прокуратура актісінің негізінде аталған компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 474 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1224076?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді