«ITCOR-KZ» ЖШС өкілінің қатысуымен семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 14 мамырда «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ ғимаратында «ITCOR-KZ» ЖШС өкілінің қатысуымен семинар өткізілді. Ұйымдастырылған семинарға ветеринария саласында ветеринариялық емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, «Витавет», «Клиника Крюкова» жекеменшік ветеринариялық клиникаларының, сондай-ақ ветеринариялық станцияларды өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында «ITCOR-KZ» ЖШС өкілі үй жануарларын есепке алудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі туралы жан-жақты баяндап, Қарағанды облысы аумағында үй жануарларын тіркеу және жүйеге енгізу тәртібін көрсетті, сондай-ақ деректер базасымен жұмыс істеудің негізгі кезеңдерін түсіндірді.

Семинар қатысушылары пайдаланушылар тарапынан туындайтын сұрақтарды талқылап, үй жануарларын есепке алу және сәйкестендіру саласындағы тәжірибелерімен алмасты.

«ITCOR-KZ» үй жануарларын есепке алу ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-veterinaria/press/news/details/1223767?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді