
Аудан әкімі М.Мұхтаров Ақшоқы ауылдық округіндегі «Тиштыбай» шаруа қожалығына барып, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында аудан басшысы шаруашылық алқаптарын аралап, диқандармен кездесті. Қазіргі таңда шаруашылықта 400 гектар жерге бидай себілген. Сонымен қатар, аудан әкімінің қатысуымен тағы 600 гектар алқапқа бидай егу жұмыстары жүргізілді.
Шаруашылық басшылығы мен механизаторларға егіс науқанын табысты аяқтап, қолайлы ауа райы мен мол өнім тілінді. Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізудің аудан ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1223634?lang=ru

Жауап қалдыру