АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 мамырда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп, «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС «ГП Атырау бөлімшесі» филиалы қызметкерлеріне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – қызметкерлерге АИТВ-инфекциясының таралу қаупі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері, АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы, инфекцияның жұғу жолдары мен жұқпайтын жағдайлары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылып, барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1223624?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді