
Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ірі жобалардың іске асу барысымен қатар, тұрғындарды тікелей толғандыратын өзекті мәселелер де қаралды.
Атап айтқанда, жолдар мен аулалардың жағдайы, ескі саябақтар мен қоғамдық кеңістіктер, субұрқақтардың жұмысы, ескерткіштерді күтіп-ұстау, қаланың санитарлық тазалығы, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, ағаштарды күтіп-баптау, жол таңбаларын салу және жағалауды абаттандыру мәселелері талқыланды.
Әр бағыт бойынша жауапты қызметтердің есебі тыңдалып, айтылған ескертулер жұмысқа алынды. Оларды орындау бойынша нақты тапсырмалар беріліп, мерзімге, сапаға және нақты нәтижеге басымдық берілді.
Сонымен қатар 10 мың орындық жаңа стадион құрылысы, жағалауды қайта жаңғырту, жол жөндеу, инженерлік желілерді дамыту және тұрғын үйлер салу сияқты негізгі инфрақұрылымдық жобалар да қаралды.
Қала әкімі жұмыстың тек есеппен шектелмеуі қажет екенін атап өтті. Басты көрсеткіш – тұрғындар көретін нақты өзгеріс. Берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/press/news/details/1224770?lang=ru

Жауап қалдыру