Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем: IV санаттағы объектілер операторлары нені білуі керек  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем: IV санаттағы объектілер операторлары нені білуі керек Қазақстан Республикасының экологиялық және салық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем қоршаған ортаға әсер ететін объектілердің операторларынан алынады. Бұл ретте IV санаттағы объектілер үшін ерекше тәртіп көзделген. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлем төлеушілер болып I, II және III санаттағы объектілердің операторлары табылады.

                  IV санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем төлеушілер қатарына жатпайды. Объект IV санатқа жатқызылған жағдайда салық төлеушіде: төлемді есептеу бойынша міндеттемелер туындамайды; осы төлем бойынша салықтық есептілікті тапсыру міндеті болмайды; қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем төленбейді.

                 Қосымша хабарлаймыз: IV санаттағы объектілер бойынша қате төленген төлем сомалары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен есепке жатқызуға немесе қайтаруға жатады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1223709?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді