ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде қоқысқа толған пәтерлер мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде қоқысқа толған пәтерлер мәселесі талқыланды

Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында көпқабатты тұрғын үйлердегі қоқысқа толған пәтерлерді анықтау және тұрғындардың санитарлық әрі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына арналған брифинг өтті.

Брифинг барысында ШҚО Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрлан Жарылғақов мұндай пәтерлер тұрғындар үшін елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Оның айтуынша, қоқысқа толған пәтерлер өрт шығу қаупін арттырып, антисанитариялық жағдайдың қалыптасуына және жағымсыз иістің таралуына себеп болады.

Оның мәліметінше, облыстағы полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті, тұрғын үй инспекциясы, әлеуметтік қорғау органдары және «Таза Өскемен» ЖШС мамандарының қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күні облыс аумағында осындай 19 пәтер анықталды. Оның 18-і Өскемен қаласында, 1-еуі Риддер қаласында орналасқан.

Анықталған барлық мекенжайлар бақылауға алынып, пәтер иелерімен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай деректер профилактикалық аралау барысында, сондай-ақ тұрғындардың, ПИК, МИБ және жергілікті атқарушы органдардың хабарламалары негізінде анықталуда.

Полицейлер өңір тұрғындарын бейжай қарамауға және көпқабатты үйлердің қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайына қауіп төндіретін фактілер туралы дер кезінде хабарлауға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1224666?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді