
2026 жылдың 20 мамырында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Аманова Гульжан Нысангалиевнаның төрағалығымен, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Дауталиев Қазыбек Нүрсейітұлы, Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына 2026 – 2027 жылы оқуға қабылдаудың негізгі өзгерістері мен толықтыруларын, сондай-ақ магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламарымен, оқуға қабылдау алгоритмін түсіндіріп өтті.
Жиналыс соңында оқуға ниет білдірген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1224797?lang=ru

Жауап қалдыру