.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй қоры объектілерін алдағы жылыту маусымына дайындау туралы мәселе қаралды.

Талқылау барысында 2026-2027 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындық шеңберінде барлық ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтарды, сондай-ақ жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланғаны атап өтілді. Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 15 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегаттың негізгі жабдықтарына кеңейтілген жөндеу жүргізу, Согра ЖЭО-да №2 станцияның қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу, №1 турбогенераторды ағымдағы жөндеу. «Шығыс Жылу» АҚ қазандық қуаттарын, өндірістік процестерді электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және реконструкциялау жоспарланған.

Бұл ретте депутаттар магистральдық жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарының көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты депутаттар осы мәселе бойынша шешім жобасына қосымша ұсыныс енгізді – қаланың ТҮКШ бөлімі жылу желілерін жөндеудің жыл сайынғы көлемін нормативтік талаптарға дейін жеткізуге бағытталған жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртудың кешенді бағдарламасын әзірлесін.

            Қарау нәтижелері бойынша қаланың ТҮКШ және тұрғын үй қатынастары бөлімдеріне қаланың инженерлік желілерін күрделі және ағымдағы жөндеуді, объектілерді және жылумен жабдықтау көздерін дайындауды, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй қорының жылыту маусымына дайындығын бақылауға алу және тұрақты мониторингті қамтамасыз ету ұсынылды. Бұдан басқа, көппәтерлі тұрғын үйде кондоминимум объектісін басқару органы болмаған кезде уақытша басқарушы компанияларды тағайындау бойынша қажетті рәсімдерді жүргізу.

Осы мәселе бойынша түпкілікті шешім қала мәслихатының кезекті сессиясында қабылданатын болады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1224694?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді