Құқықсыз әрі мас күйде: павлодарлық электровелосипедпен сот қаулысына дейін жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодарда электровелосипед жүргізушісі бірден екі заң бұзушылыққа жол берді. Өңірде жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

— ЖПІ басталғалы бері тәртіп сақшылары өңір жолдарындағы ондаған қауіпті жағдайдың алдын алды. Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданудың 23 фактісі анықталды, қарсы жолаққа шығудың 4 дерегі және мас күйде көлік басқарудың 7 жағдайы тоқтатылды. Бұл — азаматтардың өміріне тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтар, — деп түсіндірді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бақыбай Ахмедьянов.

Ерекше жағдайлардың бірі облыс орталығында тіркелді. Толстой көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері электровелосипед тізгіндеген 37 жастағы ер адамды тоқтатты. Медициналық куәландыру оның мас күйде болғанын растады. Сонымен қатар, оның жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталды. Әкімшілік материал сотта қаралып, сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция ескертеді: жол салғырттықты кешірмейді. Мас күйде көлік тізгініне отыру — өз өміріңе ғана емес, жаяу жүргіншілер мен өзге де жүргізушілердің қауіпсіздігіне қатер төндіру. Жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалыс қатысушысының жауапкершілігіне байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1224646?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді