
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау подполковниктері – Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Сартаев Арман Молдатаевич пен Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Сыздықов Ғалымжан Әнуарбекұлы құрметті еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салынды. Көп жылдар бойы азаматтық қорғау саласында абыройлы қызмет атқарған офицерлер кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен және өз ісіне деген адалдығымен әріптестері арасында ерекше құрметке ие болды. Қызметтік жолында олар төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою ісіне елеулі үлес қосып, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, мол тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында әріптестері ізгі тілектерін айтып, ұзақ жылғы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін алғыстарын білдірді. Жылы кездесуде олардың қызмет жолындағы жетістіктері еске алынып, әріптестік сыйластық пен құрметтің жарқын үлгісі көрсетілді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1223667?lang=ru

Жауап қалдыру