
Комиссия отырысы өтті.
2026 жылдың 20 мамыр күні Қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысы өтті.
Отырысқа комиссия төрағасы М.Әбдіқалықов төрағалық етті.
Комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, қалалық мәслихат депутаттары және қала әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов, тиісті облыстық тексеру комиссиясының мүшесі, басқармалардың жауапты мамандары, қалалық дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде:
1) «2025 жылға арналған Қызылорда қалалық, кент және ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есепті қарау туралы»;
2) «Жасөспірімдер арасында есірткі мен уытты заттарды тұтынудың алдын алу және олардың таралуына қарсы профилактикалық шараларды күшейту туралы»;
3) «Қызылорда қаласы бойынша жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану және ұйымдастыру туралы» мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова және Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.Қордабай хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Облыстық тексеру комиссиясының хабарламасына сәйкес 2025 жылға арналған ауылдық округтер бюджетінің кірістері мен шығыстары бойынша параметрлері толық көлемде орындалған. Жалпы кірістері бойынша бюджеттің атқарылуы 100 пайыздан кем болмаған. Кейбір салықтар бойынша, жыл басында да, жыл көлемінде де болжамдалмаған, алайда түсімдер болған.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер толық көлемде түскен.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы А.Шагиров хабарлама жасап, қала бойынша қоғамға аса үлкен қауіп төндіріп отырған, індеттің бірі – нашақорлық, есірткі қылмысы, оның ішінде синтетикалық есірткінің жастар арасында таралуы, оның алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс–қимыл туралы ақпараттарын ұсынып, депутаттардың сауалдарына жауап берді.
2026 жылдың 4 айында есірткі қылмысын анықтау былтырғы жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға (38-ден 37-ге) төмендеген. Есірткі қылмысына қарсы іс–қимыл саласымен 49 (2025ж.–44) құқық бұзушылық, оның ішінде 21 есірткі өткізу дерегі (2025-11), 2 есірткі өсіру дерегі (2025 – 1) және 25 теріс қылық (-16,7%, 2025ж.–30) анықталды.
Қазіргі таңда, орын алған кемшіліктер ескеріліп, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Есірткі қылмыстарын анықтау және жедел іс-шараларды күшейту мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ж.Тажмаханов хабарлама жасап, жастармен атқарылған жұмыстар туралы, жастар ұйымдары туралы, neet санатындағы жастар, жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік жобалар бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, жастармен жүргізілетін жұмыстардың сапасы мен ауқымын арттыру мақсатында бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында жастар орталығымен атқарылған шаралар саны – 93, шараларға қамтылған жастар саны – 3062, тұрақты қамтылған жастар саны – 100, орталық қызметіне жүгінген жастар саны – 1550.
Комиссияда қаралған мәселелерді талқылау барысында депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев: қалалық қоғамдық даму бөлімі, қалалық білім бөлімі және полиция басқармасымен бірлесе отырып, жастар арасында есірткі мен уытты заттарды тұтынудың алдын алу мақсатында шаралар ұйымдастыру, әлеуметтік жобалардың жоспарына қосу; депутат Т.Мақаш: қалалық қоғамдық даму бөлімі тарапынан өткізіліп жатқан әлеуметтік жобаларға мониторинг жасау, елді-мекендерде тұратын жастардың шараларға қатысуын ынталандыру, депутат Б.Төлеген: есірткі мен уытты заттарды тұтынудың алдын алуға қатысты азот тотығын (азот оксидтері) пайдалану бойынша шектеулер қою жолдарын Заңмен қарастыру; депутат Р.Ысқақова: қалалық полиция басқармасы тарапынан ұйымдастырылып жатқан құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына жастардың белсенді қатысуын, қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жасау; депутат А.Төлегенова: жастарға қатысты ұйымдастырылып жатқан шаралардың нәтижелілігі бағытында жұмыс жасау туралы ұсыныстар айтылды.
Комиссия отырысында көтерілген депутаттардың ұсыныс-пікірлері, тұрақты комиссия қаулысына енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды. Комиссия жұмысы «Youtube» (ютуб) арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1224629?lang=ru

Жауап қалдыру