ТАЗА КАЗАҚСТАН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жданов ауылдық округінде санитарлық тазалықты сақтау және елді мекендердің көркеюін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аталған шара барысында қоғамдық жұмыс қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдігі мамандары бірлесіп, округ аумағын абаттандыру және тазарту жұмыстарын атқаруда. Атап айтқанда, электр желісі бағаналарын әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, округ аумағында шөп шабу, қоқыс жинау және қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылуда.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар елді мекендердің эстетикалық келбетін жақсартуға, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта да округ аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1224355?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді