
Түркістан облысында есепте тұрған тұлғаларды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында “Есептегі тұлғалар” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы тәулігінде Кентау қаласының полицейлері пробация қызметінің мамандарымен бірлесіп, есепте тұрған 24 азаматты тексерді.
Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 5 тұлғаны, әкімшілік қадағалаудағы 4 азаматты, қорғау нұсқамасы шығарылған 12 тұлғаны және ерекше талап белгіленген 10 азаматты тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеруден өткізді.
Тексеру нәтижесінде әкімшілік қадағалауда тұрған тұлғалардың бірінің түнгі уақытта үйінде болмағаны анықталып, оған қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара қолданылды.
Қазіргі таңда полицейлер есепте тұрған азаматтарды тұрақты бақылауда ұстап, олардың заң талаптарын сақтауын қадағалау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1224487?lang=ru

Жауап қалдыру