Балқаш қаласы бойынша санаторий-курорттық емделу шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес  жекелеген санаттағы азаматтар санаторий-курорттық емделуден өткеннен кейін жолдама құнының бір бөлігін өтеуге әлеуметтік көмек ала алады.

Көмекті кімдер ала алады:
• 100% — ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар және еңбек ардагерлері;
• 70% — I- топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүрушілер;
• 70% — жан басына шаққандағы табысы 101 702 теңгеден аспайтын 70 жастан асқан зейнеткерлер.

📍 Әлеуметтік көмек емделуден өткеннен кейін жылына 1 рет нақты шығын көлемінде беріледі.
📄 Қажетті құжаттар:
• жеке куәлік
• шот-фактура
• орындалған жұмыстар актісі
• отбасы табысы туралы мәліметтер
• банк шоты немесе «Қазпошта» АҚ деректемелері
⏳  Өтінішті емделуден кейін 2 ай ішінде тапсыру қажет.

📍 Құжат қабылдау орны:
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ,6 кабинет
📞 Анықтама телефоны: 42325

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1224344?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді