
Арқалық қаласының №41 мекеме қызметкерлері шаруашылық жасағындағы сотталғандармен бірлесіп, Арқалық қалалық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар Торғай өңірінің бай тарихымен, ұлттық құндылықтарымен және мәдени мұрасымен танысты. Сондай-ақ, қазақ мәдениеті мен музей ісінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған көрме ерекше қызығушылық тудырды.
Мұндай мәдени-танымдық шаралар сотталғандардың рухани дамуына оң әсер етіп, тарихи сана мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға ықпал етеді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1224359?lang=ru

Жауап қалдыру