СҚО-Челябі: экономикалық және индустриялық байланыстарды нығайту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстың ресми делегациясы Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен Ресей Федерациясының ірі индустриялық орталықтарының бірі – Челябі облысына жұмыс сапарымен келді. Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл аймақ – сенімді стратегиялық серіктес. Екі өңір арасында берік сауда-экономикалық және өндірістік байланыстар қалыптасқан.

Жұмыс сапарының алғашқы күнінде делегация өңірдің жетекші кәсіпорындарының қызметімен танысты. Олардың қатарында «УралКран» машина жасау зауыты мен ұзақ сақталатын нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндіретін «Хлебпром» кәсіпорны бар.

Бүгінде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының №3 субаймағында осы сынды заманауи инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «KazCraneEngineering» ЖШС жүк көтергіш-көлік жабдықтарын өндіретін зауыттың құрылысын іске асыруда, ал «БЕЙКЕРТОН» ЖШС донат өнімдерін шығаратын өндіріс орнын дамытып жатыр. Өңір үшін жаңа өндірістердің толық іске қосылуы биылға жоспарланған.

«Аталған жобалар облыс экономикасын дамытуда ерекше маңызға ие. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға, заманауи өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, озық технологияларды енгізуге және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді», – деді облыс әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1224459?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді